АСТАНА. 11 шілде. 2014 жылдың 10 шілдесінен бастап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына жауап бермейтін ойыншықтардың ел аумағына әкелінуі мен сатылуына уақытша санитариялық шектеу енгізді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Аталған агенттік жұртшылыққа ойыншықтар таңдау кезінде оларға ерекше мән беру қажеттігін ескертіп отыр. Ойыншықтарды сатып алу кезінде сәйкестік сертификаттарын немесе басқа да ілеспе құжаттарды талап ету қажет. Сондай-ақ, өнімнің сапасы мен таңбалануына назар аударған жөн. Тағы бір айта кетер жәйт, агенттік тарапынан қазіргі таңда республикамыздың нарығында формальдегидтің рұқсат етілген деңгейінен 6 есеге дейін, фенол 9 есеге дейін артатын және органолептикалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін, шығарылған жері белгісіз ойыншықтардың кең көлемде сатылып жатқаны анықталған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: BNews.kz. Фото: Liki.me.
•
11 Шілде, 2014
Кеден одағының техрегламенттеріне сай емес ойыншықтарды әкелуге шектеу қойылды
384 рет
көрсетілді