АСТАНА. 11 шілде. Елорда маңын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2020 жылдар аралығына арналған кешенді жоспарын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Аталған кешенді жоспарды қабылдау Астана қаласының маңындағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалалық деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Кешенді жоспар бойынша көлік инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау нысандары, коммуналдық шаруашылық объектілері, білім, денсаулық сақтау салалары дамытылады. Сондай-ақ, қала маңындағы пунктерде ұзындығы 398,12 км. жол мен 1520,82 км. инженерлік желі (сумен қамту, тұрмыстық және нөсерлі канализация мен электрмен қамту) және 112 инженерлік құрылыс (трансформаторлық шағын станциялар, канализациялық сорғы станциялары мен нөсерлі канализацияны тазарту құрылысы) салу жоспарланған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.kz.
Фото: astana.kz.