• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2014

Қырғыз республикасы елімізге су жіберуді едәуір қысқартты

360 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 шілде. Қырғыз жағы елімізге баратын егіс суаруға арналған су көлемін екі есеге дейін қысқартты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Қырғыз елінің су шаруашылығы басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, республиканың су қоймаларында егіс алқаптарына деп жиналған судың бүгінде 70 пайызға жуығы мақсатсыз жұмсалып қойған. Көрші елдің вице-премьер-министрі Тайырбек Сарпашев судың тиімсіз жұмсалғанына кінәлі шенеуніктерді қызметінен босатам деп қатуланыпты. Себебі, Бишкек пен Шу облысында егіске керекті судың тапшылығы сезіле бастаған. Оның үстіне биыл судың аз болуы да кері әсерін тигізуде. Міне, осы себептерге байланысты Қырғыз елінен Қазақстанға жіберілуі тиіс судың көлемін бұдан артық көбейту мүмкін емес көрінеді. Жалпы, үкіметаралық келісім бойынша Қырғызстан біздің елге секундына 35 текшеметр көлемінде су жіберіп тұруға міндетті. Бірақ көрші мемлекеттен қазір секундына 20 текшеметрге жуық қана су келіп тұр екен. Нұрбай Елмұратов. Дереккөз: Tengrinews.kz. Фото: Tengrinews.kz.