Ауа райы 05 Мамыр, 2023

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

280 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерде бұршақ күтіледі. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.

«Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады», делінген хабарламада.