• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Мамыр, 2023

Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

18672 рет
көрсетілді

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы «Жастар театрының» директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін бұл қызметті  актер Әділ Ахметов атқарған еді.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. «Мәдениет қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».

Ол 2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап «Жастар театры» директорының орынбасары болып қызмет  етті.