• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Бокс 07 Мамыр, 2023

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

559 рет
көрсетілді

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Үндістан өкілі, Азия біріншілігінің жүлдегері Дипак Кумармен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде отандық боксшы төрешілердің шешімімен қарсыласына жол берді.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі кезеңіне өте алмады.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов - Токио Олимпиадасының жүлдегері және Сербияның астанасы Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.