Сәкен Бибосынов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдың 1/16 кезеңінде Үндістан боксшысы Дипак Кумарға қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіліп қалды.
Бибосынов - 2021 жылғы әлем чемпионы. Ол сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған.