Бүгін Қазақстан құрамасының үш өкілі бокстан әлем чемпионатында рингке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Махмұд Сабырхан бірінші болып шығады. Оның қарсыласы Венгриядан келген Иштван Шака.
Астана уақыты бойынша 19:00-де басталатын кешкі сессияда қазақстандық Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін) өзбек Шодыр Меликузиевпен жұдырықтасады.
Қазақстандық спортшы Сағындық Тоғамбай (86 келіге дейін) кешкі сессия аясында А рингінде оныншы жекпе-жекте өнер көрсетеді. Оның қарсыласы өзбек Шохжахон Абдуллаев.