• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Президент 08 Мамыр, 2023

Президент Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды

285 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.

Бұл жерде 2 мыңнан астам сарбаз жерленген. Олардың қатарында Президенттің ағасы – Қасым Болтаев та бар.