Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасынан бес боксшы сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 келі) А рингінде Израиль спортшысы Мирослав Капулером-Ищенкомен кездеседі. Ал Нұрбек Оралбай (80 келі) Б рингінде түркиялық Каан Айкутсунмен жұдырықтасады.
Сондай-ақ 19:00-де басталатын кешкі сессияда А рингінде қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады. Бірінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Сачин Сивачпен, жетінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) үндістандық тағы бір боксшы Акаш Сангванмен кездеседі. Он екінші жұпта Нұрқанат Райыс (75 келі) бразилиялық Вандерлей Перейрамен жұдырықтасады.
Еске сала кетейік, кеше Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңген еді.