• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 09 Мамыр, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды

594 рет
көрсетілді

Президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат  Мирзиёев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян болды.