10 мамырда Шымкент қаласындағы №2 ауруханаға қарасты перзентханада салмағы 6 келіге жуық ұл бала дүниеге келді, деп хабарлады Egemen.kz.
Батыр баланы 31 жастағы келіншек өмірге әкелген. Сәби анасының үшінші перзенті екен. Білікті дәрігерлер алып сәбиді анасын табиғи жолмен босандырып алды. Алып сәбиді ата-анасы Алпамыс деп атады.
Қазір «батыр» бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінуде. Десе де, дәрігерлер жаңа туған сәбиге ерекше күтім керек екенін айтады.