• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Ғылым 11 Мамыр, 2023

Айда өсірілген өсімдік

397 рет
көрсетілді

О заманда бұ заман айда өсімдік егіліпті дегенді естіп пе едіңіз? Қазіргі жаңа ғылым мен техника біз естіп көрмеген ғажайыптың бәрін жасап жатыр. Соның бірі – айға өсірілген өсімдіктер.

Бұл жаңалыққа алғашында сенбеген адамзат оның нәтижесін көрген соң, техниканың күшіне, ғажап қуатына қайран қалысты. Бұл таңғаларлық жайт өсімдік ғылымы үшін үлкен дүмпу болды. Ғалымдардың көз майын сарқып жасаған ғылыми зерттеулері мен ыждағаттылығының арқасында зертханада өсіріліп, ай бетіне себілген алғашқы тұқымдар өсіп шықты.

Зерттеушілер өткен жылдың 12 мамырында, осыдан тұп-тура бір жыл бұрын «Communications Biology» журналында жарияланған жердегі жанартаулық материалда өсірілген өсімдіктерге қарағанда, ай бетінде өсіретін өсімдіктер баяу өскенімен, нәтиже берген ақпаратына қуанысты. Бұл тұжырым айдағы егін шаруашылығының көп уақытты қажет ететінін көрсетеді. «Бұл өте керемет! Сене алмай тұрмын», дегенді сонда Висконсин-Мэдисон университетінің астроботанигі Ричард Баркер эксперимент туралы көңіл күйін жасыра алмай.

Зерттеуге қатысқан ғалымдар­дың айтуынша, ай бетіне өсірілген өсім­діктердің үлгілері мен берген оң нәтижесі, оның болашағы қалай болатынын білгісі келетін ботаник­тер үшін қызық зерттеу болғаны шын­дық. Осыдан кейін NASA-ның «Арте­мида» бағдарламасының бір бөлігі ре­тінде астронавттарды айға қайта­ру жөніндегі алдағы жоспарлары айды зерттеуге және оның ресурстары­ның ұзақмерзімді миссияларға қа­лай қолдау көрсете алатынын зерттеу­ге жаңа жобаларды ұсынды.

Флорида университетінің зерт­теушілері бұл жаңалық жөнінде арнаулы тәжірибе жүргізді. Зерттеуші­лер әрқайсысы шамамен бір грамм салмақтағы кішкентай құмыралар­ға тұқым отырғызды. Төрт кастрюльге «Аполлон 11» үлгілері, тағы төртеуі­не «Аполлон 12» үлгілері және соң­ғы төртеуіне «Аполлон 17» үлгілері тол­тырылды. Өсімдік молекуляр­лық биологі Анна-Лиза Пол: «Айдың ­қыр­тысында өскен көшеттерді ал­ғаш көр­ген кездегідей таңғажайып дүние­ні көрген емеспін! Бұл әсерлі тәжіри­бе болды. Бұл – таңғаларлық зерт­теу, басқа айтарым жоқ», дейді.

Өсімдіктер ай бетіне апарылған жасанды құмыраларда өсті. Бірақ еш­қайсысы жердегідей өнім бермеді. Айдың қабатында өсірілген барлық өсімдік тұздан, металдардан немесе реактивті оттегі түрлерінен стресспен күресетін өсімдіктерде кездесетін генетикалық құралдарды алып тас­тады. Мұның ішінде «Аполлон 11» үл­гісіндегі көшеттер қатты күйзеліс­­ке ұшыраған генетикалық күйге түсіп­ті. Бұл айдың бетіне ұзағырақ әсер ететін реголиттің шыны және металл темірмен жабдықталған өсімдіктер­ге анағұрлым зиянды екенін дәлелдеді.

Бәлкім, ай қабатын өсімдіктер­ге ыңғайлы ету үшін көп күш пен ақыл-парасат керек шығар. Өсімдіктерді гендік инженерия арқылы бөтен то­пырақты жатырқамай, өнім беру­ге дағдыландыруға да қазіргі техни­ка­ның күші жетеді. «Біз бұл сапарда сапалы да жақсы өнім беретін өсімдіктерді таңдай аламыз. Бәлкім, тұзға өте төзімді шпинат өсімдіктері ай реголитінде өсіруде қиындық тудырмас», дейді зерттеуші ғалымдар.

Осы салада ізденіс жасап, ең­бектеніп жүрген ғалымдар айдағы ауыл шаруашылығының алғашқы әрекетінде кездескен қиындықтар­ды алда еңсеретіні даусыз. Адамзат айдағы ауыл шаруашылығымен шынымен айналысу үшін ірі қадамдар жасап, технология бөліктерін әзірлеуі керек. Күндердің күнінде айда өсірілген жеміс-жидектерден ауыз тимесімізге кім кепіл?