Билли Джин Кинг-2023 кубогының финалы Севильяда өтеді. Қазақстандық теннисшілер ойнайтын шешуші матчтар 7-12 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елена Рыбакина бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы бір ай бұрын Польша құрамасын жеңіп, жарыстың финалдық бөлігіне жолдама алған еді. Қазақ қыздарынан басқа Севильяның жабық корттарында Австралия, Германия, Канада, Чехия, Италия, Испания, Словения, Франция, Швейцария және АҚШ өкілдері өнер көрсетеді.
Айта кетсек, Ярослава Шведованың шәкірттерінен жеңілген поляк теннисшілері де финалда ойнауға мүмкіндік алды, олар турнир ұйымдастырушыларынан wild card (арнайы шақыру) алды.