Бүгін Астана қаласында бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жиі өткізіледі. Бұл қызметінен айырылған азаматтар мен жұмыс іздеп жүрген студенттер үшін таптырмас мүмкіндік.
Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ алимент бойынша қарызы бар адамдарға арналған шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге қатысқан жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары жөнінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттар берілді.