• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Мәдениет 13 Мамыр, 2023

«Ғұлама» деректі фильмі көрерменге жол тартады

567 рет
көрсетілді

Ұлттық консерваторияның Еркеғали Рахмадиев атындағы Концерт залында қазақ тілі әдіснамасының негізін қалаушылардың бірі, ғалым-педагог Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың 130 жылдығына орай түсірілген «Ғұлама» деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фильмде Қазақстан оқу-ағарту саласының ғұламасы Шамғали Сарыбаевтың жарқын бейнесі көрсетіліп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің үздік бастамашысы ретінде еліміздің руханияты мен мәдениетіне қосқан зор үлесі мен ғылыми-ұстаздық ерен еңбегі баяндалады.

Деректі фильмнің алдында Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ректоры Арман Жөдебаев және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынұлы Жұрынов сөз сөйлейді.

Ш.Х.Сарыбаев әулетінен шыққан белгілі тұлғаларға арналған естелік тақтаның ашылуы өтеді. Олардың ішінде: қазақ тілі білімінің шырақшысы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаев; қазақ ұлттық музыка аспаптарының зерттеушіcі, жинақтаушы әрі насихаттаушысы, Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры Болат Шамғалиұлы Сарыбаев; қазақ музыкасының белді өкілі, танымал сазгер және зерттеуші Талғат Болатұлы Сарыбаев бар.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысушылардың арасында Алматы қаласы әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева және зиялы қауым өкілдері болады.