• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Мамыр, 2023

Мен әлем алдында қазақша сөйлеуден қысылмаймын – Жәнібек Әлімханұлы

648 рет
көрсетілді

WBO бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 14 мамырда өтетін жекпе-жек алдында сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержесіз жекпе-жек шебері өзіне қойылған сұрақтарға қазақша жауап берді. Ол Стивен Батлер екеуінің арасындағы жекпе-жек ең жеңіл жекпе-жек болатынын айтты. 

«Мен оны боксшы ретінде сыйлаймын. Дегенмен нокаут тұрмақ, маған соққы тигізу қиын болады оған», деді ол. 

Артынша Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі парақшасында жазба қалдырды.

«Менде бәрі қазақша. Менің тілімді, менің үнімді әлем естісін! Мен елі үшін жанын берген батырлардың, ұлтының ертеңіне алаңдаған Алаштықтардың ұрпағымын. Аллаға шүкір! 

Мен әлем алдында қазақша сөйлеуден ешқашан қысылмаймын. Менің қанымда мен ұялатын нәрсе жоқ! Мен қысылып, қорқып, жалтақтап жүретін құлдық санада емеспін! Себебі мен қазақпын, менің өмір стилім QAZAQ STYLE! 

Жеңісті күнде жүздесейік, Қазақ елі!», деп жазды WBO бойынша әлем чемпионы.