• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Бокс 14 Мамыр, 2023

Өзбекке алтын алып берген қазақ

10910 рет
көрсетілді

Өзбекстан ұлттық құрамасының боксшысы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 63,5 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалдағы жекпе-жекте Руслан Абдуллаев моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухты жеңді. 

Осылайша, боксшы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ал оның қарсыласы Чинзориг Баатарсух Ташкенттегі турнирде күміс еншіледі.

Айта кетейік, Абдуллаев қазіргі Азия чемпионы. Сонымен қатар,  боксшы бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасына қатысуға ниет білдірген, алайда қабылданбаған.