Ливерпульде өткен жыл сайынғы «Евровидение» ән байқауында «Tattoo» әнімен Швеция орындаушысы Loreen бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазылар алқасының шешімімен әнші – 340 ұпай, ал көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша – 243 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 583.
Loreen орындаған «Tattoo» − қарым-қатынас пен махаббат туралы ән.
Швеция 9 мамырда өткен бірінші жартылай финалдың нәтижесі бойынша «Евровидение» финалына өтті. Жеңімпаз ел ретінде ол 2024 жылы «Евровидение» өткізу құқығына ие болды. Сонымен қатар Швеция автоматты түрде келесі байқаудың финалына өтті.
Екінші орынды Финляндиядан келген орындаушы Кяария «Cha-cha-Cha» әнімен жеңіп алды, финалда ол 526 ұпай жинады. Үшінші орынды Израильден келген әнші Ноа Кирель «Unicor» әнімен иеленді, ол 362 ұпай жинады.