• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Мамыр, 2023

Мексикада ірі жол апатынан 26 адам көз жұмды

358 рет
көрсетілді

Мексиканың солтүстігіндегі Тамаулипас штатының  трассасында тіркемесі бар жүк көлігі мен фургон соқтығысып, 26 адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, қос көлік штат астанасы Сьюдад-Викторияға жақын маңда соқтығысып, өртенген.

Оқиға орнына барған полицейлер тіркемесі бар жүк көлігі күлге айналғанын көрген. Тамаулипас прокуратурасы ұсынған дерекке қарағанда, тергеушілер жүк көлігінің жүргізушісі хабар-ошарсыз кеткен. Болжам бойынша, жеке көлік компаниясына тиесілі фургон жолаушыларының арасында балалар да болған. Апат құрбандарының бәрі мексикалықтар болған тәрізді, себебі оқиға орнында солардың жеке куәліктері табылды.