• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әскер 15 Мамыр, 2023

Ел қорғау – ерге парыз

419 рет
көрсетілді

Ақмола өңірлік гарнизонының 68665 әскери бөлімінде белгіленген әскери қызмет мерзімін аяқтаған жүзден астам сарбазды шығарып салу рәсімі өтті.

Әскерде олар граната лақтыру, пулеметпен ату, мергендік және зеңбірекші сынды әскери-есепке алынатын мамандықтарды меңгерді.

– Бір жыл ішінде сендер қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерін зерделедіңдер. Шынығып шымыр болдыңдар, психикалық тұрғыдан нығайдыңдар. Әскер мектебінен алған ілімдерің алда азаматтық салада да қажеттеріңе жарарына сенімім мол, – деп атап өтті бригада командирі, подполковник Абай Әлібеков.

Білім беру саласындағы жеңілдіктер мен әскерде еңбек нарығында сұранысқа ие жұмыс­шы мамандығын меңгеру мүмкіндігінің болуы арқасында жастар арасында әскерге баруға қызығушылар қатары артып отыр.

– Әскерге келгеніме өкінбеймін. Әсіресе, бейімделу кезінде қолдау көрсеткен және бізге берген білімдері үшін командирлерге ризашылығым шексіз. Әскер арқылы болашаққа сенімім артып, жаңа перспективаларға жолым ашылды деп үміттенемін, – деп ойымен бөлісті Алматы облысынан келген шабуылдау батальонының мергені, қатардағы жауынгер Айбек Ташкинбай.

Басшылық әскери қызметшілерге адал қызметі үшін алғыс айтып, грамоталар мен естелік сый­лықтар табыс етті. Ерекше көзге түскен сарбаз­дардың ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.

Көптеген жас ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ еліміздің жоғары оқу орындарына түсу құқығын пайдалануға ниетті екенін айта кеткен жөн. Ал әскери қызметтің қыр-сырын біліп, ырғағына үйренгендер әскерде қа­лып, келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғас­тыруды жөн көріп отыр.