Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өзінің жалақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірдегі өндірістік мекеме қызметкерлерінің жалақысы жайлы сөз қозғаған Ақтөбе облысының әкімі жалақы жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индекстелетінін атап өтті.
Осы орайда журналистер әкімнің өзі қанша алатынын сұрады.
«Мен қолыма 1 миллион 900 мың аламын. Бұл ақпарат барлық жерде бар, интернеттен де қарасаңыз болады», деді Ералы Тоғжанов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.