Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында тағы екі матчтың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Екі ойынның бірінде «Қайрат» Алматыда «Атыраумен» кездесті.
Ойын барысында алаң иелері есеп ашты. Кездесудің 12-минутында Вячеслав Швырев көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Екінші кезеңде «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев өз қақпасына гол соқты.
Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Тағы бір ойында қостанайлық «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» ойсыратты.
Кездесуде қостанайлық клубтан Игорь Сергеев 48-минутта есеп ашса, Ислам Чесноков 87-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.