• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2014

Елбасының арнайы елшісі – Польшада

301 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастаған мәжілісмендер делегациясы жұмыс сапарымен Польша Республикасында болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Құрамында Серікжан Қанаев, Анатолий Маковский және Нұрлан Жазылбеков бар делегация кездесулерде парламентаралық байланыс, сауда-экономикалық және аймақаралық ынтымақтастықты нығайту, заң шығарушылық тәжі­ри­бе алмасу мен өзекті халық­ара­лық мәселелерді талқылауды негізгі бағытқа алды. Сапар шеңберінде Мәжіліс Вице-спикері Польша Сеймінің Төрайымы Эва Копачпен, Поль­ша Сенатының Вице-спикері Ян Выровинскимен, Польша-Қа­зақ­стан парламенттік ынты­мақ­­тастық тобымен және оның төрағасы–Сейм Вице-спикері Ежи Вендерлихпен, халықаралық мәсе­лелер және жергілікті өзін өзі басқару бойынша Сейм комис­сия­ларының басшылығымен кездесулер өткізді. Одан басқа, Польшаның Вице-премьері – экономика министрі Януш Пехочинскимен де жүздесіп, сауда-инвестицияны нығайту мәселелері бойынша пікір алмас­ты. Мемлекет басшысының Ар­найы елшісі ретінде Сергей Дья­ченко 2017-2018 жылдары Бі­ріккен Ұлттар Ұйымының Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­лігіне Қазақстанның кандидату­расын қолдауын қамтитын Қа­зақ­стан Республикасының Прези­денті Н.Назарбаевтың өзінің поляк әріптесі Бронислав Комаров­с­киге жолдаған хатын Польша Рес­публикасы Президенті Әкім­ші­лігінің басшысы Яцек Миха­ловскиге тапсырды. Қазақстандық делегация, сондай-ақ, Силезия және Мало­польска воеводстволарында болып, іскер топтар өкілдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастық және аймақаралық байланысты ұлғайтудың мүмкіндіктерін, оның ішінде Қазақстан мен Польша аймақтарының алдағы бірінші форумы шеңберінде талқыланатын мәселелер бойынша пікір алмасты.