• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Мамыр, 2023

Монтана штатында TikTok желісіне тыйым салынды

271 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Монтана штатында TikTok әлеуметтік желісіне заңды түрде тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Штат губернаторы Грег Джанфорте ТикТокқа тыйым салу туралы заңға қол қойды.

Джанфорте Қытай Коммунистік партиясынан тұрғындардың жеке деректерін қорғау үшін штатта TikTok-қа тыйым салғанын айтты. Оның пікірінше, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Губернатор штаттағы деректерді «шетелдік қарсыластарға» жіберетін кез келген қосымшаны бұғаттау туралы бұйрық шығарғанын айтты.

Айта кетейік, Монтана аталған мобильді қосымшаға тыйым салған АҚШ-тың алғашқы штаты болды.