Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 турнирлеріндегі жеңістер бойынша әлемдегі үздік теннисші атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
OptaAce басылымы хабарлағандай, Елена Рыбакина биылғы мастерс жарыстарында 17 жеңіске қол жеткізді. Бұл одан кейінгі орында тұрғандардан екі жеңіске артық.
Еске сала кетсек, Қазақстанның үздік теннисшісі Рим мастерс турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті ұтқан еді.
Енді Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде 6-дан бесінші орынға көтеріледі. Егер Римде жеңімпаз атанса, Елена төртінші ракетка атанады.
Қазақстан өкілі жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасады. Ал екінші жартылай финалда ресейлік Вероника Кудерметова мен украиналық Ангелина Калинина өзара мықтыны анықтайды.