• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Мамыр, 2023

«ХҚКО-лар қытай тілінде қызмет көрсетеді». Вице-министр жұрттың қорқынышын сейілтті

619 рет
көрсетілді

Желіде халыққа қызмет көрсету орталықтары қытай тілінде де қызмет көрсетеді деген ақпарат шұбырып жүр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері вице-министрден: «Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазір үш тілде қызмет көрсетіледі. Олар - қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Енді оған қытай тілін қосып жатыр екен. Себебі не? Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимге байланысты ма? Әлде басқа себебі бар ма? Не үшін төртінші тіл ретінде басқа емес, дәл қытай тілі қосылып жатыр?» деп сұрады.

Бұл сауалға Әсет Тұрысов жауап берді.

«Аталған ақпарат жалған екендігін айтқым келеді», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар