Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы бүгін Римдегі турнирдің жартылай финалындағы кездесуін өткізді. Ол латвиялық теннисші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Остапенкомен ойнады.
Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте жеңді. Есеп - 6:2, 6:4.
Матч 1 сағат 33 минутқа созылды.
Енді қазақстандық теннисші финалда украиналық Ангелина Калининамен ойнайды.