• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Мамыр, 2023

Рыбакина мен Остапенко арасында жанжал шықты

1331 рет
көрсетілді

Әйелдер теннисінде жанжал туындай жаздайды. Елена Рыбакинаның тәлімгері Стефан Вуковтың айтуынша, Елена Остапенко Римдегі (Италия) WTA 1000 жартылай финалында және одан кейін де біздің жерлесімізге тіл тигізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Стефан Вуковтың айтуынша, Латвия теннисшісі Рим корттарындағы «Мастерс» турнирінің жартылай финалындағы матч барысында қарсыласына бей әдеп сөздер айтқан.

Табиғатынан сабырлы Елена Рыбакина бұл жағдайға назар аудармай, өз ойынына барынша ден қойды. Ыңғайсыз оқиға алдымен екінші сетте, содан кейін ойыншылардың қол алысуы кезінде орын алған. Матч біздің теннисшінің пайдасына 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте ойын жаңбырға байланысты үзілді.

Осы жекпе-жек аяқталғаннан кейін Рыбакина жоғарыдағы судьямен қол алысып, одан Остапенконың орынсыз мінез-құлқына назар аударуды сұрады. 

Енді Елена Рыбакина финалда Ангелина Калининамен (Украина) кездеседі. Титул үшін таласты матч 20 мамырда, Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады. Теннисшілер бұған дейін 2022 жылы Чарлстондағы (АҚШ) турнирде кездесіп, ол кезде Ангелина басымдық танытқан – 4:6, 6:2, 6:4.