• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Мамыр, 2023

Елена Рыбакина Мария Шарапованың жетістігін қайталады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 1968 жылдан бері бір маусымда Аустралия ашық чемпионаты және Индиан-Уэллс, Майами және Рим WTA 1000 турнирлерінің финалына шыққан үшінші ойыншы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұндай жетістікке әлемнің бұрынғы бірінші ракеткалары - америкалық Моника Селеш 1991 жылы және ресейлік Мария Шарапова 2012 жылы жеткен еді.

Е.Рыбакина бүгін Рим мастерс турнирінің финалында әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен ойнайды. Оны жеңген жағдайда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, төртінші орынға көтеріледі.

Финалдық матч Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.

Қарсыластар өзара бір рет кездескен. 2022 жылы Чарльстон WTA 500 жарысының екінші айналымында А.Калинина 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Е.Рыбакина мәлім еткендей, қос теннисші бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста. 

Соңғы жаңалықтар