• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Мамыр, 2023

Елге заңсыз электронды темекі кіргізбек болғандар ұсталды

371 рет
көрсетілді

Тәркіленген электронды темекінің құны алдын ала есеп бойынша 2,4 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге «Достық» автокөліктік өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында жүк көліктеріне тиелген ілеспе құжаттары жоқ ірі көлемдегі электронды темекіні кіргізуге әрекеттенген үш Қазақстан азаматын ұстады.

Аталған адамдар мен олардың жүктері Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшесіне жеткізілді.