• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2023

Қазақстанда фастфуд қымбаттады

438 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке қарағанда, Қазақстанда фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4 пайызға, жылдық мәнде 15,9 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қымбат фастфуд сатылатын өңірлердің алғашқы үштігіне Солтүстік Қазақстан облысы (5,7%), Жамбыл (4%), Жетісу облысы (2,2%) кіреді. Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан (47,2%), Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстары, Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында, Шымкент қаласында (37,9%) фастфуд қатты қымбаттаған.