• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2023

Шымкентте «Қамқор» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

696 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа  «Қамқор» бағдарламасы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне  тіркеле  алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтер, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының  қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік  ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі болып табылады.  Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеуден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі. 

Шарттары:

Максималды несие соммасы - 20 млн теңге

пайыздық мөлшерлеме - 5% (ЖТСМ - 5.2% бастап)

бастапқы жарна - 10%

ЖАО-да кезекке тұру міндетті емес

Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тіркелген болу керек

белгілі бір жұмыс орнында Шымкент қаласында соңғы 12 айдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыру; соңғы 5 жыл баспана тіркелмеген болуы керек.