• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 25 Мамыр, 2023

Қырық құбылған қаржы нарығы

333 рет
көрсетілді

Еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк өткен айда әлемдік қаржы нарығында бәсеңдей бастаған құбылмалықтың тәуекелді активтер динамикасына оң әсерін тигізіп, елдің ішкі валюта нарығында және халықаралық резервтер тұрғысынан біраз мәліметтер ұсынды.

Биыл наурыз айымен са­лыс­тырғанда, сәуір айындағы сыртқы на­рықтық жағ­да­йындағы құбылу көрсет­кі­ші төмен болған.

Дамыған және дамушы елдердің валюталары бір ай ішінде өзгеріп, сәуір айының қорытындысына сәйкес, DXY индексі 0,8%-ға, дамушы нарықтағы ва­лю­та­лардың индексі 0,4%-ға төмен­деген.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова: «Наурыз айында «қара алтын» әртүрлі бағытта саудаланып, 1 баррель мұнай құны 85-87 доллар аралығында болды. ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің мамыр айынан бастап, жыл соңына дейін мұнай өндіруді қысқартуға қатысты шешімі мұнай бағасына кәдімгідей қолдау көр­сетіп, тәулігіне шамамен 1,65 млн бар­рельді құрады. Ұлттық қордан сатулар күніне 600 млн доллар болса да, 30 млн доллардан аспады. Бұл біздің болжамды бағалауымызға сәйкес келеді. Мамыр айында сатылым 750-800 млн доллар аралығында болады деп күтілуде. Мамыр айында зейнетақы активтері үшін сатып алуды – 200-250 млн  доллар деңгейінде жалғастырамыз», дейді.

J.P.Morgan клиенттері арасында жүр­гізілген сауалнамаға сәйкес, сыртқы жағ­­дайлардың аралас белгілеріне қара­мастан, жаһандық инвесторлардың тең­ге­дегі позициясы сәуір айында 2021 жылғы қыркүйектен бастап, ең жоғары деңгейге дейін ұлғайыпты. Алдын ала есептеулерге қарағанда, сәуір айында АВР көлемі бір айда 1,4 млрд долларға артып, 37,6 млрд долларға жеткен. Осы өсімдер Қаржы министрлігінің Ұлт­тық банктегі валюталық шотына «тран­­зиттік» түсіммен байланысты еке­­­­нін және ол кейіннен Ұлттық қорға қайта бағытталғанын, ал резервтердің төмендеуіне әсер еткен факторлардың ара­сында мемлекеттік қарыздың төлен­генін атап өту керек. Алтынның бағасына кел­сек, бір унция үшін 1 979 доллардан 1 983 долларға дейін өскен. Бір ай ішінде бағалы металдың бағасы бір унция үшін 2 036 долларға дейін көтерілген көрінеді. Алтын нарығындағы белгісіздік бұрын­ғы­сынша ФРЖ-ның кейінгі риторикасы бойынша және АҚШ-тың банк сек­торындағы жағдайға байланысты күту­лерден туындап отырған жайт екен­дігін ескеруіміз керек. Берілген мәлі­мет­терге қарағанда, Ұлттық қордағы ва­лю­талық активтердің көлемі наурыз айында 300 млн долларға өсіп, сәуір айының соңында 58,7 млрд долларды құраған. Тәуекел дәрежесінің бірқалыпты өсуі – акциялар мен облигацияларды, сонымен қатар алтынды оң қалпында қайта бағалауға әсер еткен. Сөйтіп, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі сәуір айын­да 441 млн доллар болды.

Бұдан өзге, активтердің өсуіне Ұлт­тық қорға түскен валюталық түсімдер ықпал еткен. Олардың мөлшері сәуірде 457 млн долларды құрап, наурыз айында Ұлттық қордан республикалық бюд­жетке трансферт түрінде 393 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі ва­лю­та нарығында 600 млн долларға шетел валютасы сатылған.

«Жаһандық рецессияның орын алу тәуекелі таяу арадағы белгісіздіктің негізгі факторы болып табылады. Әлемде экономикалық белсенділіктің кеңейгені туралы деректерге қарамастан, сәуір айы­ның қорытындысы бойынша PMI Global 54,2 тармаққа дейін артты. Бұл өсім­нің құрылымы нақты емес. Қызмет көрсету секторы негізгі қозғаушы күшке айналды. Ал өндіріс саласының секторы қысқару аймағында тұр», деп атап өтті төраға орынбасары.

Бұған қоса, сәуірде бірқатар халық­ара­лық ұйымдар 2023 жылғы әлемдік экономиканың өсуіне қатысты болжамдар орташа пайыздық көрсеткіште, ХВҚ 2,9%-дан 2,8%-ға дейін, Дүние­жүзілік банк 3%-дан 1,7%-ға дейін тө­мендеген.

Нарыққа қатысушылар АҚШ мемле­кет­тік қарызының жақын арада өз ли­­митіне жетуіне байланысты оның ең жоғары шегіне қатысты мәселеге алаң­дап отырған көрінеді. АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Үкімет 1 маусымға қарай төлемдерге қызмет көрсететін қаражаты ортаюы­ мүмкін. АҚШ Конгресінің осы мә­се­леге байланысты әрекеттерінің сәй­­кес келмеуі, қаржы нарығындағы құбыл­ма­лылықтың күшеюіне алып келуі ық­тимал. Алайда көптеген талдаушылар негізгі сценарий ретінде жаһандық рецессияның орын алу ықтималдығын қарастырмайды және күтпеген жүйелі өзгерістер тәуекелі төмен болады деп санайды. Осыған байланысты дамушы нарықтардағы тәуекелді активтер мен валюталардың перспективасы оң күйінде қалып отыр. Өз кезегінде, сарапшылар мен шикізат нарығына қатысушылардың баға динамикасы бойынша одан әрі күтулері де әртүрлі. Бұған дейінгі мұнай баға­сының күрт төмендеуіне қара­мастан, Goldman Sachs Brent эталондық маркалы мұнай бағасының болжамын 2023 жылы желтоқсанға қарай 1 баррель үшін 95 доллар деңгейінде, 2024 жылдың сәуіріне қарай 1 баррель үшін 100 доллар деңгейінде болатындығын көрсетеді. Goldman Sachs ОПЕК+ өндірісінің қысқаруымен қатар дамушы нарықтардағы сұраныстың артуына байланысты мұнай нарығында ұсыныс тапшылығы өседі деп болжайды. АҚШ-тың Энергетика министрлігі 2023 жылғы Brent маркалы мұнай бағасының болжамын 1 баррель үшін 85,01 доллардан 78,65 долларға дейін төмендетті. Ведомство әлемдік экономиканың нашарлауы, банк секторындағы дағ­да­рыстың ықти­мал­ды­ғы, сондай-ақ инфля­цияның сақталуы қаупінен мұнай бағасының төмендеп бара жатқанын атап көрсетеді. Бұл ретте, АҚШ Энергетика министрлігі жақын болашақта бағаларға сұраныстың маусымдық өсуіне, сондай-ақ бірқатар ОПЕК+ елдерінің өндірісті ерікті түр­де қыс­­қарту аясында түзеледі деп бол­­жайды. Осы орайдан келген­де АҚШ Энергетика министрлігі мұ­­най ба­ға­­сының тұрақ­та­нуына Қы­­­тай­ мен Үндіс­тан­дағы мұнайға деген тұтынушылықтың артуы әсер етуі мүмкін деген үміттері бар.

«Қазіргі уақытта әріптестермен бір­ге алға қойып отырған маңызды мін­дет­­тер­дің бірі еліміздің мемлекеттік бағалы қағаздарын J.P.Morgan – GBI-EM дамушы елдер индексіне кіруінде болып тұр. Ұзақ уақыт бойы біз осы бағытқа күш салып келеміз. Инфра­құрылымды жақсарту және жергілікті нарықтың өтімділігін арттыру бойын­ша жұмыс істейміз. Осы­лайша, 2021 жылы J.P.Morgan Қазақ­станның МБҚ «радарға» қойды. Келесі кезең – мем­лекеттік облигацияларды «Index Watch» тізіміне қосу. Біз енді соған ұм­ты­ламыз. Біз GBI-EM индексіне кіру жергілікті МБҚ нарығын дамытуда маңызды қадам болады деп есеп­тей­міз. Бұл есеп­тің негізгі мақсаты – ше­телдік ин­вес­торлармен қарым-қа­ты­насты жақ­сарту және олардың ел нары­ғын­дағы ахуалдан хабардар етуіне мүм­кін­дік туғызатын болады», деп атап өтті банкир.