«Тина Тернердің қайтыс болғанын үлкен қайғымен хабарлаймыз. Өзінің музыкасымен және өмірге деген шексіз құштарлығымен ол әлемдегі миллиондаған жанкүйерлерді баурап, болашақ жұлдыздарды шабыттандырды. Бүгін біз өз арамыздан кеткен, бірақ ұлы туындыларын, өзінің музыкасын қалдырған қымбатты досымызбен қоштасамыз. Біз оның отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тина, біз сені қатты сағынамыз», делінген жазбада.
Тина Тернер (шын аты-жөні Анна Мэй Буллок) АҚШ-тың Теннесси штатындағы Натбуш қаласында дүниеге келген. «Грэмми» сыйлығын 8 рет иеленген. Ол «Рок-н-ролл ханшайымы» атанып кеткен.
Тина әлемдегі ең үздік бишілердің ондығына кірген. Rolling Stone журналы оны «заманымыздың ең ұлы әншілерінің бірі» деп атаған.