• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 25 Мамыр, 2023

ҰБТ: ШҚО мен Алматы талапкерлері 133 балл жинады

368 рет
көрсетілді

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Екі үміткер максималды 140 балдың 133-сін жинады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 18 мамырда басталған бас емтихан 5 шілдеге дейін өтеді.

ҰБТ-ның алғашқы 5 күнінде Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында оқитын екі талапкер ең жоғары нәтиже көрсетті. Олар жалпы 140 балдың 133-ін жинады.

Биылғы тестілеу форматында өзгерістер жоқ екенін айта кету керек. Пәндер саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пәндер, барлығы 120 тест тапсырмасы. Оның ішінде, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).

Шекті балл да өзгеріссіз қалды: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл; ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.

Талапкерлердің ыңғайы үшін ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS-хабарлама жолданады. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелетке толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберіледі.