• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2014

Ғаламтор арқылы өткізілетін дәрілерге сенім жоқ

311 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 шілде. Статистика бойынша ғаламтор арқылы өткізілетін дәрілік заттардың 50 пайызының сапасын растайтын құжаттар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Заң бойынша елімізде медициналық өнімді ғаламтор арқылы өткізуге тыйым салынған. Алайда бұл біздің азаматтарымыздың халықаралық веб-сайттардың қызметін пайдалануына кедергі келтірмейді. Сол үшін бүгінгі күні Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығы ғаламтор арқылы препараттарды сатып алудың тәуекелі жоғары екенін айтып, халықты ақпараттандыруда. Жалпы, орталықтың негізгі қызметі - тікелей халықпен жұмыс істеу, ақпараттандыру және дәрілік заттары тиімді қолдану бойынша көмек көрсету болып табылады,  деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Айгүл Сейілова. Фото: www.google.com Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.