Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,83 теңгеге төмендеп, 445,68 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қытай Халық Республикасында тойланып жатқан мерекеге байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.
Ұлттық банк еуро бағамын 479,3 теңге, рубльді 5,6 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444-446,5 теңге, еуро 478-482,5 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
26 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны 0,33%-ға төмендеп, барреліне 76,01 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,14%-ға төмендеп, барреліне 71,73 доллар болды.