• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 26 Мамыр, 2023

40 мыңнан астам талапкер негізгі ҰБТ тапсырды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам түлек тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%–ы қазақ тілінде, 30%-ы орыс тілінде, 50 түлек ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ҰБТ басталғалы бері шекті балды 76%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балл - 68. Ең жоғары балл – 137.

«Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді.  Тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – «Химия-Физика», оны 50 адам тапсырған», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Соңғы жаңалықтар