Мәдениет және спорт министрлігі I, II және III топтағы ерекше қажеттілігі бар адамдар тегін немесе жеңілдікпен кіре алатын мәдени орындарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
1.Мемлекеттік концерттік мекемелер өткізетін іс-шараларға
- I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады. - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді. - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады.2.Мемлекеттік театрларда өтетін спектакльдерге
- I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады. - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге тегін кіруге болады. - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдалана алады.3.Мемлекеттік мәдени-ойын-сауық мекемелерінің іс-шараларына
- I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады. - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді. - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады. 4. Мемлекеттік цирктердің іс-шараларына - I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады. - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді. - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдалана алады.5.Мемлекеттік кітапханалар ұсынатын қызмет түрлерін
- I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін пайдалана алады. - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін пайдаланады. - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады.6.Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ұсынатын қызметті
- I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін қолдана алады. - 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін пайдалана алады. - III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдаланады.