• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Есірткі 29 Мамыр, 2023

Өскеменде есірткі тасылмалдаумен айналысқан курьер ұсталды

268 рет
көрсетілді

Өскеменде облыс прокуратурасының үйлестіруімен тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан 26 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ЕҚІБ жедел уәкілдері күдіктінің тауарды танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқанын анықтаған.

Ер адам курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарған. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырып отырғаны белгілі болды. Оның жалдамалы пәтерінде 500 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.