«Дайындық-Агро» ЖШС директоры Біржан Шәймерденов Президентке шаруа қожалығының қызметі жайлы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына берілген мәлімет бойынша:
Биыл облыс бойынша 4,5 миллион гектар жерге егін егіледі, оның ішінде 3,2 миллион гектарға – дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар, 960 мың гектарға – майлы дақылдар, 353 мың гектарға – мал азығын, 34,1 мың гектарға – картоп, 6,2 мың гектарға – басқа да көкөніс түрлерін егу жоспарланған.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін егістік алқаптарын әртараптандырып, әлеуметтік маңызы бар дақылдарды көбірек егу мәселесіне ұдайы назар аударылады.
Соңғы жылдары облыста қарақұмық егу 3 есе, картоп, сәбіз, орамжапырақ секілді көкөніс алқабы шамамен 1,5-2 есе артқан.