• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Мамыр, 2023

Ақтөбеде ұшқышсыз басқарылатын аппарат сынақтан өтті

274 рет
көрсетілді

Ұшқышсыз басқарылатын «Skylark 1-LEX» аппараты алғаш рет көкке көтерілді. Алғашқы сынақ Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының әуе айлағында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Аталмыш қондырғы әскери мақсатта қолданылады. Нақтырақ айтқанда, ол орталықты күндіз де, түнде де нақты уақыт режимінде барлау деректерімен қамтамасыз етуге арналған. Курсанттар жаңа техниканың мүмкіндіктерін екі жыл бойы зерттеп, дұрыс басқаруды үйренді.

Ұшу аппаратының қанаты 3 метрге жетеді. Салмағы - 8 килограмм шамасында, жылдамдығы сағатына 90 километрге дейін жетеді. Қондырғының 3 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.

Айта кетсек, бұл аппарат әлемнің ондаған елінің қорғаныс жүйесінде қолданылады.