Қазақстан мен Иордания СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман Сафадимен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.