• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сенат 30 Мамыр, 2023

Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту

458 рет
көрсетілді

Сенатта «Қазақстанның инвестициялық ахуалы және инвес­тициялық тартымдылығы» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндамасы тыңдалды.

Жиынды ашқан сенатор Сұл­танбек Мәкежанов еліміз­де ин­весторларға, бизнес-кли­маттың қолайлы аспектілеріне көңіл бө­лініп отырғанына назар аударды. Осы орайда, Үкімет сағатын өткізудің басты мақсаты – қазіргі таңдағы инвестициялық ахуал­ды және онымен байланыс­ты проб­лемалық мәселелерді, ин­вес­­торлар үшін тартымдылық факторларын, инвесторлармен жұмыс істеу тәсілдерін талдау екенін атап өтті.

Үкімет сағатында кіріспе сөз сөй­леген Сенат төрағасы­ның орын­басары Ольга Перепе­чина заңнамада елімізде инвес­­ти­­­ция­лық белсенділікті ынта­лан­дырудың түрлі тетіктері қарас­тырылғанын атап өтті. Осы­лайша, Қазақстанда инфра­құрылымды және кең ауқымды инвестициялық преференцияларды қамтамасыз ететін 14 арнайы экономикалық және 33 индустриялық аймақ жұ­мыс іс­тей­ді. Бизнесті ашу және жүргізу рәсімдері жеңілдетілді, берік нормативтік құқықтық база және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

«Қазақстан тартымдылы­ғы­­ның негізгі көрсеткіші – 2022 жылы елімізге құйылған рекорд­тық көрсеткіштегі 28 млрд дол­­ларды құраған тікелей шетел­дік инвестиция. Бұл соңғы 10 жыл­дағы инвестицияның ең үлкен көрсеткіші. Ішкі жалпы өнім көлемі 2022 жылы 2,1 пайызға көбейді. Ал нақты өсім­мен 220,5 млрд долларды құрады. Еліміз сыртқы сауда айналымын өте қарқынды ұлғайтып келеді. Өткен жылы 134,4 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты», деді О.Перепечина.

Баяндамашының айтуынша, ше­т­ел­ден тікелей тартылған ин­вес­­тицияның ауқымды екеніне қара­мастан, Қазақстан әлі де шикі­зат сатумен ғана айналысып отыр. Мәселен, тау-кен өнер­кәсібіне ­12,1 млрд доллар инвестиция құ­йыл­са, өңдеу өнеркәсібіне не­бәрі 5,6 млрд қа­ражат келген. Депутат шетел­діктер Қазақстанда тек шикізат өңдеуге ғана қызы­ғатынын алға тартты.

Сенат төрағасының орынбасары өз сө­зінде елімізге бет алған ин­вес­ти­­цияның басым бөлігі, өкініш­ке қарай, шикізат секторы мен инфрақұрылымға ғана келіп жат­қанын атап өтті. Депу­тат елі­міздің арнайы экономи­калық аймақ­тарын дамыту жағдайын мы­салға келтірді. АЭА аумағында өнер­кәсіп кәсіп­орындарын құруға кел­ген инвес­тицияның жалпы кө­лемі 1,2 трлн теңгені құрағанын, оның 65%-ы квазимемлекеттік сек­тор­дың қатысуымен болып отыр­ғанын атап өтті.

«Осыдан кейін Қазақстанға келген шетелдік капиталды ши­кізат өндіруден басқа ешқандай сала қызықтырмайды деген қорытынды сұранып тұр. АЭА-ға инвестиция тартуға кедергі келтіретін негізгі проблемалар инфрақұрылым­ның аяқталмауы, білікті кадрлар­дың тапшылығы, АЭА-ның жұмыс істеу мерзімінің аяқталу кезеңі мен инвестор ақшасының өтелуінің мерзімінің қолайсыздығы және тағы басқа мәселелер өзекті болып отыр», деді О.Перепечина.

Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұл­тан­бек Мәкежанов өз кезегін­де бү­­гінгі таңда инвестициялық ке­лі­сім­шарттар жасасу жөніндегі функ­цияны Сыртқы істер ми­нистр­лігінен алып жергілікті атқа­­ру­шы органдарға беру қажеттігін атап өтті.

«Инвестициялық келісім­шарт­тар аясында инвесторлардың қар­сы міндеттемесінің көзделуі, жа­салған уағдаластықтар бойынша атқарушы органдардың бұрын қа­былданған міндеттемелерді не­гізсіз қайта қарауына тыйым салуды заңнамалық тұрғыдан бекі­ту, инвесторлар шағымдарының тиімді қаралуы, сондай-ақ олар­дың мәселелерін сотқа дейінгі тәр­тіппен шешу мақсатында Пре­мьер-министрдің орынбасары дең­гейінде инвестициялық омбудс­­мен орынбасары лауазымын енгі­­зу арқылы Инвестициялық омбудсмен институтын күшейту қажет. Осы және басқа да ұсыныстар Үкі­метке ұсыным түрінде жібері­ле­ді», деді сенатор.

Бұдан кейін сөз алған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуан­тыров әлемдік инве­с­ти­­циялық қыз­меттің өзге­руі­­нің бірқатар үр­дісін атап өтті. Біріншіден, әлем­дік тікелей шетелдік инвести­ция­­лар ағыны 24 пайызға тө­мен­де­ген. Бұған геосаясат және ­жал­­пы әлемдегі экономикалық, қар­­жы­лық жағдайлар ықпал етіп отыр­­ға­нына тоқталды.

«Екінші, инвестициялардың жа­һандық нарығының бөлшек­те­нуі байқалады. Елдердің бүгін­де географиялық жақындыққа қа­рағанда, геосаяси жақындығы ин­вестициялау туралы шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады. Бұл геосаяси жағдайларға байланысты және достас емес елдерден достас елдерге капи­талдың көшірілуіне әкеледі. Бұл ретте, мұндай жағдайда дамушы елдер экономикасы дамыған елдерге қа­рағанда осал.

Үшінші, экономиканың да­му деңгейіне байланысты инвес­ти­циялық саясат көп бағытты. Да­мы­ған елдер қабылдаған 113 шара осы елдердің экономикаларына шетелдік инвестицияларды да, өз елдерінен үшінші елдерге инвестицияларды да шектейді. Бұл көбінесе санкциялық және санк­цияға қарсы шараларға байланысты. Дамушы елдерде жағдай кері­сінше. Олар қабылдаған шара­лардың жалпы санының 95 па­йы­зы инвестициялар ағынын ынта­ландырады», деді Ә.Қуантыров.

Төртіншіден, инвестиция­­лар­дың салалық құрылымы өзгерген. Атап айтқанда, мұнай-газ саласына инвестициялар артып отыр. Сала басшысы 2022 жылы гео­саяси жағдайларға байланысты осы салаға инвестиция артқаны­на назар аударды.

«Күрделі сыртқы жағдайларға қарамастан, 2022 жылы Қазақстан экономиканың нақты өсуі 3,2 пайызды құрады. Елге бұрын-соңды болмаған, 18 пайызға өсіп, 28 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері рекордтық деңгейде. Негізгі капиталға салынған инвестициялар нақты мәнде 8 пайызға өсті. Сыртқы сауда айналымы 32 пайызға өсіп, 134 млрд долларды құрады.

Жұмыс істеп тұрған ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъек­ті­лерінің саны 27 пайызға өсіп, 1,8 млн-нан асты. Осы салада жұ­мыс­пен қамтылғандардың жалпы саны 13 пайызға артып, 3,9 млн адамға жетті. Нәтижесін­де, экономикадағы шағын және ор­та бизнестің үлесі 33,5 пайыз­дан 36 пайызға дейін өсті. Халық­ара­лық рейтингтік агенттіктер ­Қа­зақстанның инвестициялық се­нім­ділік деңгейіндегі тәуел­сіз рей­­тингісін растады», деді Ә.Қуантыров.

Министрдің келтірген дерек­теріне сүйенсек, биыл негізгі ка­питалға 18,3 трлн теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жыл­дың қорытындысынан 22 пайызға ар­тық. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шаралары кеңейтілген.

«Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қолдау көрсету үшін қызмет түрлерінің тізбесі 116-ға ұлғайтылды. Қызметтің бірқатар басым түрлері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарды. Бизнестің жол картасын қаржыландыру 224 млрд теңгеге дейін жетті. Шағын және орта бизнесті қолдау шеңберінде биыл 20 мыңнан астам жобаны субси­диялау және 18 мыңнан астам жобаға кепілдік беру көзделген. Орта бизнесті қолдау бойынша қо­сымша шаралар қабылданады.

Өткен жылдың шілдесінде Қазақстанның 2026 жылға дейін­гі Инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Ол жаңа инвестициялық цикл­ді қалыптастыруға және жаңа трендтерді, соның ішінде ESG стандарттарын ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қай­та қарауға бағытталған. Бүгінгі таң­да қолданыстағы заңнама шеңбе­рін­де Инвестицияларды мемлекет­тік қол­дау шараларының кең сек­торы жұмыс істейді.

Инвестициялық преференция­лар ретінде келісімшарттар мен арнайы инвестициялық келісім­шарттар шеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатуды, заттай гранттарды алады», деді Ә.Қуантыров.

Сала басшысы арнайы эко­но­микалық аймақтардың тиім­ді­лігін арттыру бойынша шаралар қа­былданғанын атап өтті. Мәсе­лен, Жер кодексіне барлық инвес­тициялық міндеттемелерді орын­дағаннан кейін оған қатысушы­лар үшін жер учаскесін сатып алу мүм­кіндігін көздейтін өзгертулер енгізілген.

Іс-шара барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП басшылары, сон­дай-ақ салалық сарапшылар да баяндама жасады.

Сенаторлар жұмыс барысында қатысушылармен бірлесе отырып инвестиция тарту, мемлекеттік қолдау, кедендік бақылау, салық және басқа да заңнамалық акті­лер, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерін де қарады.