• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Мамыр, 2023

Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді

363 рет
көрсетілді

7 облыс бойынша әуе машруттарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында белгілі болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев түсіндіргендей, бұл ішкі туризмді дамыту жұмыстарына оң әсер етеді.

Бүгінгі таңда ішкі рейс бойынша 5 тасымалдаудаушы компания 56 әуе бағытында аптасына 706 рейс орындайды.

ИИДМ министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, әуе рейстерінің қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту мақсатында әзірленген жұмыс жоспары жүйелі түрде орындалып жатыр.