Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2008-2012 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 - 2010 жылдары «United Bank Limeted» өкілдігінің бас менеджері қызметінен бастаған.
2010 - 2014 – «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері (Алматы қ.);
2014 - 2015 – Астана қалалық сотының бас маманы (Астана қ.);
2015 - 2016– Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы (Астана қ.);
2016 - 2016 – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Хатшылығының бас сарапшысы (Астана қ.);
2016 - 2018 – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы (Астана қ.);
2018 - 2018 –Оңтүстік Қазақстан облысы аппаратының басшысы (Шымкент қ.);
2018 - 2019 – Аппарат басшысының орынбасары-Шымкент қаласы әкімі хатшылығының меңгерушісі;
2019 - 2020 – Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Көлік комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып келген.