Үш жылға созылған әлемдік COVID-19 эпидемиясы мен екі жыл бұрынғы геосаяси тұрақсыздық көлік саласына әсерін тигізбей қоймады. Сарапшылар 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азияның жетекші транзиттік хабына айналады деп есептейді.
Бұл туралы RTL Alliance логистикалық компаниясының коммерциялық директоры Дмитрий Башко мен ASER инвестициялық және консалтингтік компаниясының жетекші талдаушысы Владислав Капота елімізде қазіргі күні логистикалық сектордың қарқынды даму үстінде екендігін мәлімдеді.
Жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық одақта трафик көлемі айтарлықтай өсіп, тасымалдау жағы да ұлғайғандығын, соның нәтижесінде елімізде өткен жылы ішкі жалпы өнім 3,1%-ды, көлік және қойма секторының арқасында 5,6%-ды құраған. Сондықтан былтыр Азиядан Еуропаға көлік тасымалы қайта реттеліп, елімізде бұл бағыттағы бастаманы қолға алуға мүмкіндік туды. Сонымен көлік-логистика нарығының негізгі капиталына салынған инвестиция былтырғы жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өсіп, 1,55 трлн теңгеден асыпты. Осы істе Үкімет маңызды рөл атқарып, инвестицияның 44%-ы мемлекет қаражаты есебінен жасалды. 2022 жылы экспорт 39,9 %-ға өсіп, 84,4 млрд долларды құрады. Ал импорт 21,4%-ға ұлғайып, 50 млрд долларға жетті. Былтыр Қазақстаннан Ресейге 650 млн доллардан аса сомаға тек электроника экспортталыпты. Сыртқы сауда белсенділігінің осылай артуы Ресейге қарсы халықаралық санкцияларға ұшыраған басқа да тауар санаттарында байқалған. Тұтынушылар талғамының өзгеруіне байланысты электронды коммерция нарығы да белсенділікпен ұлғайған. Адамдар офлайн дүкендерге баруды сиретіп, онлайн сатып алуды жөн көрген. Бір қызығы, бұл үрдіс пандемиядан кейін де бәсеңдемей, бұл саланы белсенді түрде цифрландыруды жалғастырып келеді.
Бұлтты жүйелер мен ақпараттық қызметтер логистикалық компанияларға барлық жұмыс үдерістерін онлайн режімінде көшіруге, сондай-ақ кедендік ресімдеуді жеделдетуге мүмкіндік беріп отыр.
RTL Alliance логистикалық компаниясының коммерциялық директоры Дмитрий Башко: «Егер коммерциялық тасымалдар туралы айтатын болсақ, онда өткен жылы табысы 803 млн доллардан асатын KTZ Express компаниясы нарықтың сөзсіз көшбасшысы болды. Басқа көшбасшылардың қатарына 165 млн доллар айналымы бар Circle Maritime Invest және былтыр 134 млн доллар ішкі кірісі бар Rhenus Intermodal Systems халықаралық компаниясы кіреді. Terminal Logistics Services 21 млн доллар, 10,3 млн доллар Interlink Global Services, 9,6 млн доллар Trans Globe, 7,6 млн доллар Ceva Logistics Central Asia, 6,6 млн доллар KLS және 6,6 млн доллар Golden Bridge Partners нарықтың жетекші ойыншылары деп атауға болады», десе, ASER инвестициялық және консалтингтік компаниясының жетекші талдаушысы Владислав Капота: «Қазақстандағы қойма логистикалық нарығының басты проблемасы – бағаның жоғары қарқын алуында. Соңғы 5 жылда нарықтың бұл сегменті іске қосылған жаңа қойма объектілерінің көлемі бойынша да, сұраныстың артуы бойынша да серпінді өсуді көрсетті. 2022 жылы Қазақстан нарығындағы қойма алаңдарының жалпы көлемі 5 млн шаршы метрді құрап, оның 1,31 млн шаршы метрі жоғары санатты қоймалар болды. Сонымен қатар қазір кейбір өңірлердегі қойма алаңдарына сұраныс ұсыныстан айтарлықтай асып, бағаның белсенді өсуіне әкелуде. Бұл әрине, нарықтың осы сегментінің дамуына кедергі келтіреді. Осылайша, 2022 жылы А класындағы қоймаларға, әсіресе азық-түлік, тұрмыстық электроника және фармацевтикалық өнімдерді сататын компаниялардан өте жоғары сұраныс болды», дейді.
Ол сонымен қатар биыл Алматы қаласы және Алматы облысында 40 мың шаршы метрге жуық жаңа қойма алаңын пайдалануға беруді жоспарлап отырғандығын айтқан. Бұл елеусіз болса да, осы нарықтағы бағаның өсуін бәсеңдетуге көмектесуі керек. RTL Alliance логистикалық компаниясының коммерциялық директоры Дмитрий Башко: «Теміржол көлігіндегі тозығы жеткен құралдар жоғары деңгейде, оның инфрақұрылымы жағынан дамуы төмен және жылжымалы құрамның тапшылығы байқалады. Нормативтік қызмет мерзімін қарасаңыз, 2030 жылға қарай 14,3 мың вагон жұмыстан шығуы мүмкін, дегенмен вагон тапшылығы қазірдің өзінде бар», дейді.
Сарапшы мамандар, бүгінгі күні елімізде тек республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының ұзындығы 24,9 мың шақырымнан асады. Мұндай көлемдерді мінсіз күйде ұстау қиын. Біз еліміздің жол инфрақұрылымының маңызды учаскелерінде жоғары жүктеме болса, кейбір халықаралық бағыттар бойынша қозғалыс қарқындылығы жобалық параметрлерден 2 есе жоғары. 2022 жылы Қазақстанда автокөлікпен жүк тасымалдау бағасы орта есеппен 20-35 пайызға өскен. Соның ішінде 20 тонналық фургонмен тасымалдау тарифі өткен жылы 34,7 пайызға өсіп, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 1 шақырымға 345 теңгеге жетіпті. 10 және 5 тонналық фургондармен жүктерді тасымалдау бағасы осы кезеңде тиісінше 30,1%-ға және 20,2%-ға өскен. Бағаның көтерілуі тасымалдау құнының өзгеруімен оның ішінде жанармай бағасының көтерілуіне байланысты болды. Осы жылдың басында теңізде жүк тасымалы тарифтерінің, ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша контейнерлік тасымал тарифтерінің шамалы төмендеуін атап өтуге болады деген пікірде. Сонымен қатар өткен жылы көліктің қосалқы және сақтау қызметтері бағасының өсуі де байқалған. 2020-2021 жылдармен салыстырғанда осы қызмет түрлерінің бағасы 2022 жылы орта есеппен 4-6%-ға өсті. Логистикалық қызметтерге сұраныстың артуы, жоғары санатты қойма алаңдарының шектеулігі қысқа мерзімді перспективада бағаның төмендеуін күтуге мүмкіндік бермейді. Сұраныс негізінен ресейлік нарықты тоқтатып, бизнесін кеңейтетін немесе Қазақстанға көшетін компаниялар арқылы қалыптасады. Қазіргі тенденциялар Қазақстан 2030 жылға қарай Орталық Азиядағы жетекші транзиттік хабқа айналып, көлік-логистикалық кешенінің белсенді дамуын қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Бұған, әрине, қазіргі «Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» ықпал етіп отыр. 2024-2026 жылдары қазіргі заманғы сауда-логистикалық хабтар сауда ағындарының негізгі бағыттарында шекара маңында пайда болады деп күтілуде. Қытаймен шекарада «Қорғас түйіні» кешені, Ресеймен «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы, Қырғызстанмен өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешен (ITLC), Өзбекстанмен «Каспий түйіні» контейнерлік хабы, сондай-ақ халықаралық өнеркәсіп орталығы ашылады. Айта кетерлігі осы жылдың басында ASER және RTL Alliance сарапшылары еліміздің көлік-логистикалық нарығы туралы толығырақ ақпаратпен қамтамасыз етілген жан-жақты аналитикалық шолу да дайындаған.
RTL Alliance халықаралық логистикалық компаниясы ASER инвестициялық-консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып, 2023 жылдың басында еліміздің көлік-логистикалық нарығын ауқымды зерттеуді аяқтады. Өткен жылы елімізде көлік саласы үшін біраз мүмкіндіктер туып, Азиядан Еуропаға көлік тасымалы негізінен қайта құрылып, еліміз бұл бағыттағы бастаманы қолға алу мүмкіндігіне ие болды.
Былтыр көлік-логистикалық нарығындағы негізгі тенденциялар біріншіден, Шығыс Еуропадағы геосаяси шиеленістерге байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдаланудың өзектілігі артты. Ал сыртқы сауда қарқынды дамып, алдыңғы жылмен салыстырғанда + 34,4%-ды құрады. Былтыр экспорт 39,9%-ға өсіп, 84,4 млрд долларға жетсе, ал импорт 21,4%-ға өсіп, 50 млрд долларды құрады. Екіншіден, электронды коммерция нарығының белсенді өсуі тұтынушылардың интернет-дүкенге деген көзқарасын өзгертті. Үшіншіден, бұл саланы цифрландыру жалғасып, бұлтты жүйелер және ақпараттық қызметтермен интеграциясы логистикалық компанияларға барлық жұмыс үдерісін онлайн режімге көшіруге мүмкіндік бергені бар. Ол әкімшілік және кедендік ресімдеуді жеделдететін болады.