Лондонның ICE биржасындағы сауда-саттық деректеріне сәйкес, TTF хаб индексі бойынша маусымдағы газ фьючерстері 27,4 еуроға (13 106 тг) дейін арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуропадағы газдың қазіргі бағасы соңғы екі жылдағы ең төменгі баға. Ресейден жеткізілетін газдың тоқтағанына қарамастан, баға 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап арзандай бастаған. Ал оған дейін газ бағасы 306,9 еуроға (146 799 тг) дейін өсіп кеткен болатын.
ER monitor мәліметінше, газ бағасының арзандауына қордың молаюы әсер еткен. Еуропада биыл қыс жылы болғандықтан, газ қоймалары 64 пайызға дейін толған. Яғни тапшылық жоқ.
Сондай-ақ Еуроодақ ЕО елдері үшін бірлесіп сатып алу тетігін енгізген. Бұл тәсіл оң нәтиже беріп жатыр.