• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Білім 01 Маусым, 2023

Оқу-ағарту министрі биылғы түлектерге құттықтау жолдады

1341 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті ұстаздар, оқушылар, түлектер және ата-аналар!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін 3,7 млн-нан астам оқушы оқу жылын аяқтап жатыр. Биыл білім беру тарихында алғаш рет оқу кезеңі 31 мамырда аяқталып отыр. Педагогтердің, ата-аналардың, оқушылардың, кадрлардың бірлесе қолдауының арқасында біз оқу жылын табысты аяқтадық. Білім сапасын жақсарту қажеттілігінен туындаған бұл өзгерісті түсіністікпен қабылдап, шыдамдылық пен қолдау танытқан әрбір мұғалімге, ата-анаға, оқушыға шын жүректен алғыс білдіремін! Биылғы мектеп бітіру салтанаты балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бала - отбасының, қоғамның, мемлекеттің ең қымбаттысы, болашағымыздың үкілі үміті. Бұл мерекелі күні балаларымыздың балалық шағын құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, олардың жан-жақты дамуы үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өткім келеді. 

Қымбатты оқушылар, сіздерді осы оқу жылында білімде, спортта, өнерде, шығармашылықта жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Бұл жетістік шәкір пен ұстаздың бірлескен еңбегінің жемісі. Сондықтан бүгінгі жақсы лебіз бен құттықтаулар да ұстаздар үшін арналады. Әрбір баланың жеке тұлға ретінде болашағының негізін өз мектебінде қалағаны белгілі. Ағартушылық миссиясын адал атқарып келе жатқан әрбір педогог әрқашан әлемдегі ең құрметті маман иелері болып қала береді», деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ ол бүгін 11 сыныпты бітіруші 172 мың түлек үшін өмірлерінің ең маңызды, жарқын кезеңі басталғанын айтты.

«Бұл күн бір жағынан қуанышты болғанмен, екінші жағынан мектеп бітіру емхандары алдындағы қобалжулы сәттер. Сіздердің әрқайсыларыңыз ұлттық бірыңғай тестілеуден сәтті өтіп, жақсы нәтиже көрсетеді деп сенемін. Колледждер мен кәсіптік техника түлектері үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Сіздер сапалы білім алып қана қоймай, өз білімдеріңіз бен біліктеріңізді тәжірибеде қолдануды үйрендіңіздер. 

Қадірлі түлектерімізге ақ жол тілеймін! Сіздер еліміздің ұлттық дәстүрлерін, тарихи және мәдени құндылықтарын қастерлеп, оның ғасырларға аманатталуына жауапты болатын, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ететін саналы ұрпақ болады деп сенемін. Емтихандарды сәтті тапсыруларыңызға және барлық мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспін!», деді министр.